26.02.2024

Стендтік ату бойынша Қазақстан Республикасының VI-жазғы Спартакиадасы өтті

2023 жылғы 24-30 шілде аралығында Шымкент қаласында «Shymkent Shooting Plaza» атқыштар кешенінде стендтік атудан Қазақстан Республикасының VI-жазғы Спартакиадасы өтті, жарысқа Қазақстанның 6 өңірінен: Астана, Алматы, Шымкент, Алматы, Қызылорда және Павлодар облыстарынан 100-ден астам спортшы қатысты.

Спортшылар 8 жаттығуда бақ сынады:

4 жаттығу жеке сынақ-дөңгелек стенд, траншея стенді, спортинг және дубль-баспалдақ;

2 жаттығу командалық сынақ-траншея стенді, дөңгелек стенд;

2 аралас жаттығулар – «скит / микс», «трап/микс».

Алматы қаласының командасы жалпыкомандалық орынға ие болды!