26.02.2024

Милад Карими әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды

Милад Карими әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды🥉🇰🇿 Бельгияның Антверпен қаласында өткен спорттық гимнастикадан әлем чемпионатында Милад Карими еркін жаттығуда 14.600 ұпай жинап, үздік үштікке енді. Әлем чемпионатында бірінші орынды Израиль спортшысы Артем Долгопят (14.866 ұпай) алса, күміс жүлдені жапониялық Казуки Минамо (14.666 ұпай) иеленді. Милад пен ұлттық құрама бапкерлерін қола медальмен құттықтаймыз!